Әлемде пандемияның аса қиын айлары басталады. Бұл мәлімдемені Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус жұмада өткен брифингте жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz РИА Новости-ге сілтеме жасап.
"Біз COVID-19 пандемиясының қиын кезеңінде тұрмыз, әсіресе солтүстік жартышар. Келесі бірнеше ай өте қиын болады және бірқатар ел қауіпті бағытта қозғалып келеді. COVID-19 жағдайлары күрт өскен мемлекеттер тым көп және бұл ауруханалар мен реанимация палаталары өз мүмкіндіктерінің шегіне жететінін көрсетеді. Бұл тек қазан айы", - деді ДДҰ басшысы.
Гебрейесустың айтуынша, ел басшылары жаңа апаттың алдын алу үшін шаралар қабылдауы тиіс.