Жаңалықтар 24.10.2020 сағат 14:15

Тоқаев БҰҰ бас хатшысына жеделхат жолдады

Мемлекет басшысы БҰҰ жүйесінің тиімділігін, есеп беретіндігін және мәмілегершілігін арттыруға бағытталған Антониу Гутерриштің стратегиясы мен айнымас күш-жігерін толық қолдайтынын атап өтті.
Тоқаев БҰҰ бас хатшысына жеделхат жолдады
Фото: akorda.kz
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Ұлттар Ұйымының 75 жылдығына орай БҰҰ Бас Хатшысы Антониу Гутерришке құттықтау жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.

"Бүгінде барлық ұлттар өткенге көз жүгірте отырып, БҰҰ-ның осы жылдар ішінде қол жеткізген үздіксіз ілгерілеудің жарқын жолын мақтанышпен бағалай алады. Тіпті қазіргі, әлем бастан кешіп отырған геосаясат пен экономикадағы, әсіресе, денсаулық сақтау саласындағы ауыр дағдарысты бастан өткеріп отырған кезде, БҰҰ-на миллиондаған адамдар, оның ішінде, осал топтар үлкен үмітпен қарайды", - делінген жеделхатта.

Мемлекет басшысы БҰҰ жүйесінің тиімділігін, есеп беретіндігін және мәмілегершілігін арттыруға бағытталған Антониу Гутерриштің стратегиясы мен айнымас күш-жігерін толық қолдайтынын атап өтті.

"Біз Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысында бекітілген негізгі мақсаттар мен қағидаттардың сақталуына және қорғалуына тікелей жауаптымыз. БҰҰ-ның тұрақты, қауіпсіз және инклюзивті болашақты қамтамасыз етуге бағытталған іс-қимылдарын Қазақстан толығымен қолдайтынын растаймын", - деді Қазақстан Президенті.

Жеделхатта Қасым-Жомарт Тоқаев Антониу Гутерришке және БҰҰ-ның барша қызметкеріне игі бастамаларының табысты болуына тілектестік білдірді.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар