Асқар Ақаевтың ұлы, Назарбаевтың экс-күйеу баласы Айдар Ақаевтың неден қайтыс болғаны анықталды деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы РЕН ТВ-ге сілтеме жасап.
6 ақпанға қараған түні Қырғызстанның тұңғыш президенті Асқар Ақаевтың 43 жастағы ұлы Айдар Ақаев қайтыс болды. Оның денесі Мәскеу облысындағы Рублево-Успенск тас жолындағы ауылдағы үйден табылған.
Оқиға бойынша тексеру барысында оның жүрек ұстамасы алкоголь мен кокаиннен болғаны анықталды.
Асқар Ақаев – Кеңес және Қырғыз мемлекеттік және саяси қайраткері, 1990 жылдан 2005 жылға дейін Қырғыз Республикасының президенті болған. Қазіргі уақытта ол Ресей астанасында ғылыми қызметпен айналысады.