25.10.2020, 09:34

25 қазанға арналған ауа райы болжамы

Фото: ашық дереккөз
Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.

25 қазан күні Қазақстанның басым бөлігінде қар мен жаңбыр жауады. Республиканың кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел күшейеді. Солтүстікте жаяу бұрқасын күтіледі. Тек еліміздің оңтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Ақмола облысының басым бөлігінде тұман, көктайғақ, кей жерлерінде жаяу бұрқасын күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Қостанай, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Шығыс-Қазақстан, Ақтөбе, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде көктайғақ күтіледі.

Батыс Қазақстан, Қызылорда облыстарының күндіз кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Жамбыл, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, түнде және таңертең Алматы облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Тегтер: ауа райы