Алматыда квадроциклмен серуендеген жігіт мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Алматы құтқару қызметінің хабарлауынша, 21 жастағы турист Бутаковка шатқалында квадроциклмен серуендеп жүргенде абайсызда құздан құлаған.
5 адамнан тұратын құтқару экипажы жігіттің денесін 2 километр төмен таудың етегінен тауып алды.
Өкінішке қарай, турист сол жерде жан тәсілім етті.
Құтқарушылар төменде күтіп тұрған туыстары мен дәрігерлерге марқұмның денесін зембілмен түсіріп берді.