$ 494.87  520.65  4.91

Әл-Фараби адамзат баласын ізгілікке шақырған

Әл-Фарабидің «Бақытқа жету жайлы кітап» трактаты бірінші кітаптың жалғасы десек қателеспейміз. Бұл трактатында адам баласын бұл дүниеде де, о дүниеде де бақытқа жетелейтін төрт нәрсе жайлы айтылған.

Әл-Фараби бабамыздың 1150 жылдығына орай Қызылорда қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №8 Махамбетов ауылдық кітапханасында «Ұлы баба бақытқа жету жолында» атты таным сағаты өткізілді.

Онлайн форматында жүзеге асырылған шарада Әл-Фарабидің «Бақыт жолын сілтеу жайлы кітап», «Бақытқа жету жайлы кітап» еңбектері туралы айтылды. 

«Ортағасырлық көрнекті ойшылдар, әсіресе гуманитарлық сала өкілдері өз шығармаларында адам баласының игілікке, ізгілікке қалай қол жеткізе алатыны туралы көп ойланып-толғанған. Солардың ішінде Отырар перзенті Әбу Насыр әл-Фарабидің жөні бөлек. Ғұламаның бақыт туралы пайымдаулардан тұратын екі еңбегі бар. Алғашқысы «Бақыт жолын сілтеу жайлы кітап» деп аталса, екіншісі «Бақытқа жету жайлы кітап» деген атаумен әйгілі.

Отырар кемеңгері «Бақыт жолын сілтеу жайлы кітабы» еңбегінде Платон мен Аристотельдің ойларын аша отырып, ғылымын жалғастырған, жетілдіріп тереңдеткен. Әл-Фараби адамды бақытқа не нәрсе жеткізеді деген сауалға жауап іздеген. Оның ойынша, адам баласының бақытқа жету үшін талпынатын мақсаттары көп. Әуелі ол білімді, сонан соң қанағат, ақыл-парасат сынды этикалық мәселелерді сөз еткен.  Сондай-ақ, ұстамдылық, сөзге тапқырлық, жомарттық, ысырапшылдық жайлы да ой қозғаған», - деді кітапхана қызметкерлері. 

Әл-Фарабидің «Бақытқа жету жайлы кітап» трактаты бірінші кітаптың жалғасы десек қателеспейміз. Бұл трактатында адам баласын бұл дүниеде де, о дүниеде де бақытқа жетелейтін төрт нәрсе жайлы айтылған. Ғұлама оларлы теориялық және практикалық ізгіліктер деп көрсеткен. Әрі қарай осылардың барлығына түсінік беріп өтеді.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#әлФараби