$ 444.32  473.33  4.76

Қазақтар мен күрдтердің арасында қақтығыс болды

Төбелеске 150 адам қатысқан.

Саратов облысының Дергачевский ауданында жаппай қақтығыс басталды. Келіспеушіліктер 19 қазанда облыс орталығында болған оқиғадан кейін басталған, деп хабарлайды Stan.kz "Взгляд-инфо" басылымына сілтеме жасап.

Кадрларды қабылдау бөлімінде армиямен қоштасу кезінде төбелес басталған.

Абдулла Оджалы ауданында тұратын жақтаушылар қазақстандықты соққыға алған. Нәтижесінде адын ала болжам бойынша 100-ден 150 адамға дейін төбелес болған. Елді мекенге ОМОН мен полиция қызметкерлері келді.

Жанжал туралы ақпаратты облыстың өңірлік істер министрі Сергей Зюзин растады.

"Менің білуімше, тұрмыстық жанжал болған. Қалған мәліметтерді тек полиция бере алады", - деді ол.

Саратов облысындағы қазақтардың облыстық ұлттық-мәдени автономиясының төрағасы Айдос Арстанов өз пікірін бідірді.

"Біздің ақпаратымыз бойынша, күрд өкілдері шақыру пунктінде жігітті ұрып тастады. Тек полиция қызметкерлері қақтығысты тоқтатты",- дейді ол.

Дергачевск ауданының басшысы Сергей Мурзаков ешқандай пікір білдіре алмайтынын жеткізіп, сұхбат беруден бас тартқан. 

"Пікір жоқ. Мен ешқандай түсініктеме бермеймін", - дейі ол. 

Саратов ІІМ-нің баспасөз қызметі құқық қорғау органдары бұл жағдайға жедел ден қойды деп хабарлады.

"Полиция қызметкерлері Дергачевский ауданының тұрғындары арасындағы қақтығысты тоқтатты. Дереу қабылданған шаралар нәтижесінде қоғамдық тәртіпті бұзуға жол берілмеді. Қақтығысушы тараптардың арасында зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта бұл факт бойынша тексеру жүргізіліп жатыр", - деді облыстық полицияның ресми өкілі Анастасия Захарова.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары