Желіде Алматыдағы "KarCity" аймағында болған жарылысты куәгерлер түсірген видеосы пайда болды, деп хабарлайды zakon.kz.
Видеодағы көріністен отқа оранған ангарда өрт күшейіп, бір уақытта қатты дүму болғаны көрінеді.
- Жоғары температура мен қатты түтінге қарамастан өрт сөндірушілердің газды ауыздықтау звеносы ангардың ішіне кіріп, жалын ошағын анықтауға тырысты. Қабылданған шаралардан соң күрделілігіне қарамастан өрт 55 минуттың ішінде - 13 сағат 58 минутта сөндірілді деп хабарлады қалалық ТЖД.
Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі ұсынған видеода ангар ішінде түгі қалмай жанып кеткен көліктердің төбесі көрінеді . Алдын ала мәліметтер бойынша, 9 көлік жанып кеткен.
Өрт 27 қазан күні түстен кейін болды. Ангар типтегі көліктерге қызмет көрсету станциясы өртке оранған. Ішінде тез жарылатын сұйықтық бар ыдыс болған. Сондай-ақ, жарылысқа дейін өрт сөндірушілер ангардан 2 газ баллонын алып шыққан.
Қаланың төтенше жағдайлар бөлімінің хабарлауынша, зардап шеккендер жоқ.
Видеода бейәдеп сөздер барын ескертеміз!