Қазақстанның бес облысында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Қазгидрометке сілтеме жасап.
28 қазанда Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, бұрқасын соғады. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші түнде 15-20 м/с, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.
Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығыстан соғатын жел батысқа ауысады кей жерлерде 15-20, екпіні 25 м/с жетеді.
28 қазанда Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғады. Солтүстік-батыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады. Түнде күші 15-20, екпіні 23 м/с, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.
Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғады. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, кей жерлерінде күші 15-20 м/с жетеді.
Жамбыл облысында кей жерлерде оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күші 15-20 м/с жетеді. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады.