28 қазанға қараған түні Қазақстанға шет елдерден 7 халықаралық рейспен 652 жолаушы ұшып келген. Қала әуежайларына қонған 641 жолаушыда тиісті анықтама болса, 11 Қазақстан азаматында ол болмаған. Бұл туралы Көліктегі бас мемлекеттік санитар дәрігер Сәдуақас Байғабылов хабарлады.
Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына 3 рейспен 233 жолаушы келген (225 жолаушыда анықтама болса, 8-інде жоқ). Алматы қаласының әуежайына 2 рейспен 326 жолаушы келген (бәрінде ПТР-анықтамасы бар). Ақтау қаласының әуежайына 2 рейспен 93 жолаушы келген (90 жолаушыда анықтама болса, 3-інде жоқ).Тиісті анықтамасыз келген жолаушылардың бәрі ПТР-тест тапсыру үшін Нұр-Сұлтан және Ақтау қалаларындағы карантиндік стационарларға жеткізілген.
Жолаушылар халықаралық рейспен Түркия, БАӘ, Беларусь және Тәжікстан елдерінен келген.