2020 жылғы 29-31 қазанда ауа температурасы біртіндеп қайта көтеріледі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Қазгидрометтің хабарлауынша, алдағы үш күнде Қазақстан аумағының басым бөлігі солтүстік-батыс антициклонның ықпалында болады.
"Ауа-райы, көбінесе жауын-шашынсыз, тек шығыста, ал аптаның басында - республиканың солтүстігінде, орталығы мен оңтүстік-шығысында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауады. Осы кезеңде шығыста және оңтүстік шығыстың таулы аймақтарында қатты жауын-шашын жаууы мүмкін. Кей жерлерде жел күшейіп, бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі. Ауа температурасы керісінше көтеріледі, себебі бүкіл республиканың территориясына Иран аймақтарынан жылы ауа массалары енеді", - дейді синоптиктер.