$ 449.3  489.69  4.89

Шымкентте жедел жәрдем көлігі жол апатына ұшырады

Соққының қатты болғаны соншалық, жедел жәрдем көлігі жол жиегіндегі арықтан өтіп, тротуарға тіреліп тоқтаған. Ал, Toyota Camry көлігі бірнеше рет аударылып, оның жүргізушісі салоннан ұшып кеткен.
Фото: otyrar.kz
Фото: otyrar.kz

Шымкент көшелерінің бірінде қос көліктің соқтығысуы салдарынан жедел жәрдемнің екі фельдшерінен бөлек тағы екі адам жарақат алып, ауруханаға түсті. Мамандар зардап шеккен санитар дәрігерлердің жағдайын ауыр деп бағалап отыр.

Otyrar.kz порталының хабарлауынша, жол апаты 28 қазанда таңертең Бәйтереков көшесінде болған. Соққының қатты болғаны соншалық, жедел жәрдем көлігі жол жиегіндегі арықтан өтіп, тротуарға тіреліп тоқтаған. Ал, Toyota Camry көлігі бірнеше рет аударылып, оның жүргізушісі салоннан ұшып кеткен.

Апаттан қатты зақымданған жеңіл көлікте өрт шыққан. Алдын ала болжам бойынша, жол апатына кінәлі Toyota Camry жүргізушісі болуы мүмкін. Қазір ауыр жағдайда жансақтау бөлімінде жатқан көлік жүргізушісі рөлге алкоголь ішіп отырған болуы да ықтимал.

Жол апаты болған кезде жедел жәрдем көлігінде науқас болмаған, көлік салонында тек медицина қызметкерлері болған.   

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары