Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қыркүйек айының қорытындысы бойынша микроқаржы ұйымдары мен ломбардтарға қатысты 107 айыппұл және 66 жазбаша ұйғарым шығарды. Бұл туралы агенттіктің баспасөз қызметі хабарлайды.
Жылдық тиімді сыйақы мөлшері белгіленген көлемнен асқаны үшін микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын «Колёса Ломбард», «Qaz Qredit» МҚҰ, «Центральный Ломбард», «Ломбард Express Credit», «777 Ломбард», «Luxe Ломбард» және басқалар сияқты ұйымдарға 47 жазбаша ұйғарым шығарылды.
Микрокредит беру туралы үлгі шарттардың ҚР заңнамасының талаптарына сәйкес келмегені үшін «Наш Ломбард» ЖШС, «Ломбард Серт KZ», «Капитал Ломбард Плюс», «Ломбард Мардан Голд», «Ломбард Бастау-kz», «Ломбард Белый LLP», «Тез Ломбард» және басқаларына қатысты 19 жазбаша ұйғарым шығарылды.
Сондай-ақ, жылдық тиімді сыйақы мөлшерін көрсетпегені немесе қате көрсеткені үшін МҚҚЖҰ-ға қатысты айыппұл түрінде 107 әкімшілік жаза қолданылды.
2020 жылы кредиттік серіктестіктер, ломбардтар және онлайн-кредиттеу компаниялары Агенттіктің реттеу аясына енгізілді. Олар үшін меншікті капиталға, басшыларының біліктілігіне және үй-жайларының техникалық жарақтандырылуына қойылатын талаптар артты.
Осы жылғы 27 қазандағы жағдай бойынша микроқаржы секторында 1109 МҚҚЖҰ жұмыс істейді. Қалған микрокредиттеу субъектілері не жұмыс істемейтін болып табылады, не капиталы жоқ. Және қызметін тоқтатуды жоспарлап отыр. Есептік тіркеуден өтпеген ұйымдар мәжбүрлі түрде таратылады.
Азаматтарды қорғау және микрокредиттеу нарығындағы алаяқтық тәуекелін азайту үшін 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап лицензиялау енгізіледі. Онда капитал және өтімділік бойынша пруденциялық стандарттардың толық тізбесі, басшы қызметкерлер мен акционерлердің іскерлік беделіне қойылатын біліктілік талаптарын, сондай-ақ аудитке және есептілік ұсынуға қойылатын талаптарды белгілеу көзделген.