$ 494.87  520.65  4.91

Францияда жалпыұлттық карантин қайта енгізіледі (ВИДЕО)

Оның айтуынша, өзін-өзі оқшаулау режимін қайта енгізу вирустың таралуын тоқтатуға мүмкіндік береді.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Францияда өзін-өзі оқшаулау режимі коронавирус эпидемиясының екінші толқыны аясында 30 қазаннан бастап енгізіледі, деп мәлімдеді ел президенті Эммануэль Макрон халыққа телеүндеуінде.

Оның айтуынша, өзін-өзі оқшаулау режимін қайта енгізу вирустың таралуын тоқтатуға мүмкіндік береді. Карантин бүкіл Франция аумағында енгізіліп, 1 желтоқсанға дейін жалғасады, деп жазды РИА Новости.

Мектептер жабылмайды, жұмыс жалғасуы мүмкін және қарттар үйіне баруға рұқсат етіледі. Алайда азаматтар үйден аса қажетті заттарды сатып алуға, жұмысқа және жақын адамдарына баруға ғана шыға алады. Үйден шығу үшін көктемдегідей жазбаша куәлік қажет.

​Маңызды қажеттіліктер тізіміне енбеген мейрамханалар мен барлар, сауда орындары жабылады. Президент сонымен бірге көпшілік жиналысқа тыйым салынатынын баса айтты.

"Бір өңірден екінші өңірге бара алмайсыздар", - деп жалғастырды ол.

Бейсенбіде үкімет өзін-өзі оқшаулау режимінің жоспарын егжей-тегжейлі баяндайды.

Сондай-ақ, Франция басшысының айтуынша, Шенген аймағының сыртқы шекаралары жабық болады.

Айта кетейік, Францияда алғаш рет карантин наурыз айында енгізіліп, екі айға созылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары