29.10.2020, 12:40

Бүгін бірнеше облыста көктайғақ болады

Ведомстводағылар жүргізушілерге жол қозғалысы кезінде абай болып, төмен жылдамдықты сақтауды және сақ болуды ұсынады.

Бүгін, 29 қазанда Нұр-Сұлтанда және бірнеше облыста көктайғақ болады.

"2020 жылғы 29 қазанда Нұр-Сұлтан, Ақмола, Шығыс-Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында жауын-шашынның түсуіне және аяз болуына байланысты көктайғақ болады Соның салдарынан жол-көлік оқиғалары, сондай-ақ көше жарақаттары: соғылу, шығып кету және сыну қатерлері ұлғаяды", - делінген Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарламасында.

Ведомстводағылар жүргізушілерге жол қозғалысы кезінде абай болып, төмен жылдамдықты сақтауды және сақ болуды ұсынады. 

Тегтер: көктайғақ