29.10.2020, 15:40

Мемлекет басшысы рақымшылық жасалатынын мәлімдеді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылы Қазақстанда қылмыстық жауапқа тартылғандарға рақымшылық жасалатынын айтты.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылы Қазақстанда қылмыстық жауапқа тартылғандарға рақымшылық жасалатынын айтты, деп хабарлайды Ақорда. 

"Президент өз сөзінде келесі жылы Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, заңға сәйкес азаматтар мен тұтастай мемлекеттің қауіпсіздігіне елеулі қатер төндірмейтін қылмыстар үшін жауапқа тартылғандарға рақымшылық жасалатынын мәлімдеді", - делінген хабарламада.