Астана қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, 1 қарашада елордадағы қоғамдық көліктер қатынамайды. Бұл туралы CTS компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.
Компанияның хабарлауынша, басқа күндері қоғамдық көліктер қалыпты жұмыс істейді. Дүйсенбі, 26 қазаннан бастап автобустар әдеттегі кесте бойынша қайта қатынайды.
Жолаушылардың автобусқа маскасыз кіруіне тыйым салынады. Жол ақысы тек қолма-қол ақшасыз төленеді.