Бүгін Нұр-Сұлтан қаласының Шұбар шағынауданындағы Темірқазық көшесі бойында орналасқан екі қабатты коттедждің шатыры мен оған жапсарлас уақытша салынған құрылыс нысаны өртке оранды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Төтенше жағдайлар қызметінің пультіне хабар 11:40-та түскен. Оқиға орнына дер кезінде жеткен өрт сөндіру қызметі қызыл жалынды 12:10-да сөндірді. Бұл туралы ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли хабарлады.
Тілсіз жау 150 шаршы метрді шарпыған. Өртті сөндіруге 19 қызметкер мен 5 бірлік техника жұмылдырылды.
Өрттің шығу себебі әзірге белгісіз. Адам шығыны мен жарақат алғандар жоқ.