Саяхаттауға дағдыланған қазақстандықтардың тек 20%-ы пандемия кезінде шетелге баруға тәуекел етті. Қалған 80%-ы вирустың тарауына байланысты сапарларынан бас тартты. Бұл туралы Azattyq Rýhy «Туристік қамқор» корпоративтік қорына сілтеме жасап хабарлайды.
Жоғары сұраныс пен ұшудың шектелуіне байланысты Қазақстаннан Мәскеуге бағытталған эконом-класс билеттері түгел жыл соңына дейін сатылып кеткен. Сатылымда тек бизнес-класс тарифтері қалған.
Қазір отандық тасымалдаушы компаниялар Шарм-эль-Шейхке чартерлік рейстер жасайды және желтоқсан айында Мальдив аралдарына ұшуға рұқсат аламыз деп үміттеніп отыр.
Айта кетейік, қазір қазақстандықтар арасында ең танымал бағыт – Түркия. Одан кейін Мысыр мен Біріккен Араб Әмірліктері тұр.