Түріктің Измир қаласында жойқын жер сілкінісі салдарынан кем дегенде 20 ғимарат құлады. Түрік лирасы долларға қатысты тарихи минимумға дейін төмендеді. Сонымен бірге Грекияда да қатты жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz РИА Новостиге сілтеме жасап.
Төтенше жағдайлар және табиғи апаттар агенттігі (AFAD) Түркияның батысында 6,6 балдық жер сілкінісі болғанын хабарлады, эпицентр Измир провинциясының Сеферихисар қаласының маңында болған.
"Әзірше бізде барлық ақпарат жоқ, біз 20 қираған ғимарат туралы ақпарат алдық. Измирдің Борнов және Байраклы аудандары қатты зардап шеккен. Әзірше бізде қаза тапқандар туралы ақпарат жоқ", - деді қала әкімі Тунч Сойер NTV телеарнасына.
Ол оқиға орнында құтқарушылар тобы жұмыс істеп жатқанын айтты.
БАҚ-та бейнебақылау камераларынан кадрлар пайда болды.