$ 448.89  477.93  4.76

UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов Франция президентіне ашулы түрде жауап берді (ФОТО)

"Біз - мұсылмандар, Мұхаммед Пайғамбарды (с.ғ.с.) анамыз, әкеміз, балаларымыз, әйеліміз және өзге жақындарымыздан қатты жақсы көреміз. Мұндай арандатушылықтың арты жаман болады", - деп жазды ол.
Фото: instagram.com/khabib_nurmagomedov
Фото: instagram.com/khabib_nurmagomedov

Ресейдің аралас жекпе-жек шебері Хабиб Нурмагомедов ислам діні мәселесіне араласамын деген Франция президенті Эммануэль Макронға жауап берді. 

"Біз - мұсылмандар, Мұхаммед Пайғамбарды (с.ғ.с.) анамыз, әкеміз, балаларымыз, әйеліміз және өзге жақындарымыздан қатты жақсы көреміз. Мұндай арандатушылықтың арты жаман болады", - деп жазды ол Instagram-да. 

Еске сала кетсек, Францияда сөз бостандығына арналған сабақтан кейін тарихшы Самюэль Пати өлтірілді. Ол оқушыларға атышулы Charlie Hebdo журналы жариялаған Мұхаммед пайғамбардың карикатурасын көрсеткен. Мұғалім бұл карикатура "сөз бостандығының" үлгісі екенін айтқан. Бұдан соң 16 қазанда мұғалімге шабуыл жасалып, басын кесіп алды. Күдікті - Шешенстан тумасы 18 жастағы Абдуллах Анзоров.

Франция президенті мұғалімнің өлімін теракт деп бағалады. Макрон Франция мұсылмандарын сырттан келетін әсерден қорғайтынын айтты. Ол "ағартушылық ислам" саясатын жүргізіп, мешіттер мен мұсылмандар ұйымдарын бақылауға алмақ. Сондай-ақ, Франция дінді келемеждеп карикатура жасауды тоқтатпайтынын атап өтті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары