27-28 қазан аралығында Шымкент қаласының аумағында жоғары ақпараттық технологиялар саласындағы құқық бұзышылықтарды анықтау, жолын кесуге және заңға қайшы іс-әрекеттерге қарсы күрес бойынша шаралар тиімділігін арттыруға бағытталған «Hi-tech» жедел профилактикалық іс-шарасын өткізілді. Шара барысында порнографиялық сипаттағы материал жарияланған 50 сайт анықталды. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы, Шымкент қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
"police_shymkent" парақшасындағы ресми хабарламада: "Іс - шара барысында Шымкент криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері порнографиялық сипаттағы материалдарды жариялаған 50 сайтты анықтап, жедел бұғаттады", - делінген.
Тексеру барысында ақпараттық жүйлерін пайдалана отырып интернет желісінің пайдаланушыларына қатысты алаяқтық іс-әрекет жасалғаны бойынша 7 жайт анықталып, ҚР ҚК-нің 190-бабы 2-бөлігі 4-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Ақпаратты жасырын алудың арнайы техникалық құралдарын заңсыз дайындау, жасау, иемдену, өткізу немесе пайдалану бойынша 1 жайт анықталды. ҚР ҚК-нің 399-бабы 1-бөлігі сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Осыған байланысты Криминалды полициябасқармасының қызметкерлері тұрғындарға мынадай кеңес берді:
- ешқандай жағдайда ешкімге дербес деректерді, пластикалық карталардың деректемелерін айтпаңыз; - аударымдар туралы түбіртектерді, кодтарды және кодтық сөздерді бермеуге; - күмәнді ақпарат көздеріне сенбеу; - тексермей тұрып тауар үшін алдын ала төлем жүргізбеуге; - күмәнді мәмілелер бойынша ақша аударымдарын жүзеге асырмауға, ашық табыс көзінсіз қаржы схемаларынан сақ болуға; - банкинг қызметтеріне қол жеткізу парольдерін тұрақты түрде ауыстыру және төлем жүйелерінде бар қауіпсіздік шараларын пайдалану; - өз шоттарындағы ақшаны тексеру.