02.11.2020, 12:20

Франкфуртта мыңдаған адам полицейлерге шабуыл жасады

Фото: inform.kz
Қамауға алынған 9 адамның сегізі айғақ дәлелдердің жетіспеушілігінен бостандыққа жіберілді.

Жексенбі, 1 қараша күні Франкфурт қаласының полиция бөлімі тәртіп сақшыларының шабуылға ұшырағанын мәлімдеді. Ашуға булыққан бір топ жастар – 800-дей адам патруль көлігіне тас, жұмыртқа және бөтелке лақтырған, деп хабарлайды ҚазАқпарат EuroWeekly сайтына сілтеме жасап.

Оқиға кезінде тоғыз адам қамауға алынғаны хабарланып отыр.

Бұл – Франкфурттағы полицейлерге соңғы бірнеше күнде жасалған екінші шабуыл. Қаланың полиция бастығы Герхард Бересвиль «адамдардың полицейлерге аяқ астынан шабуыл жасауы - адам төзгісіз әрекет» деп атады.

Қамауға алынған 9 адамның сегізі айғақ дәлелдердің жетіспеушілігінен бостандыққа жіберілді.