$ 494.87  520.65  4.91

«Әліппе оқулығын енгізу жұмыстары 2021-2022 жылдарға жоспарланып отыр» – министрлік

Оқулық 2021 жылдың қаңтар айынан бастап апробацияға енгізілмек.
Фото: uralskweek.kz
Фото: uralskweek.kz

«Әліппе» оқулығының оқу бағдарламасын жасау жұмысы аяқталып, бекітілді. Бұл туралы ОКҚ-да өткен брифингте Білім және ғылым министрінің орынбасары Шолпан Каринова мәлімдеді, деп жазады azattyq-ruhy.kz сайты.

Жаңа оқулықтың бағдарламасын құрастыруға тіл және әдеби оқыту жөніндегі ғалымдар, әдістемені құру мамандары, бастауыш сыныптарда жұмыс істеп жүрген практик мұғалімдер ат салысқан. Сонымен қатар, вице-министр балалардың жастары мен физиологиялық ерекшелігі ескерілгенін атап өтті.

«Әліппені» енгізу мен оны қайтарудың маңызы зор екенін атап өткім келеді. Бүгінде оқушылар мектепке 6 жастан қабылданады. «Әліппе» оқу бағдарамасының ғылыми тұсы басты назарға алынды. Әріптердің реттілігі, дыбыстардың дыбысталынуы, олардан буынның құралуы, сөздерді, сөз тіркестерін қолдана білу сынды принциптер ескерілді» - деді Шолпан Каринова.

Брифинг барысында әліппенің жаңа оқу бағдарламасына байланысты оқулықтарды әзірлеу жұмыстары басталғандығы белгілі болды. Оқулық 2021 жылдың қаңтар айынан бастап апробацияға енгізілмек. Вице-министр пилоттық режим үшін апробация өткізілетін мектептердің тізбесі дайын болғанын айтты.

«Бұған дейін Білім және ғылым министрі оқулықтың А.Байтұрсыновтың әдістемесі негізінде әзірленетінін айтқан болатын. Бұл барлық тараптан қолдау тапты. Осыған сәйкес А. Байтұрсынұлының ұстанымдарына негізделген «Әліппе» оқу бағдарламасы үш кезеңнен құралған. Әліппе кезеңі мен әліппеге дейінгі кезең «Әліппе» оқулығымен, ал әліппеден кейінгі кезең «Ана тілі» оқулығымен жүзеге асырылады» - деді вице-министр.

Сондай-ақ әліппемен қоштасу рәсімі әдеттегідей желтоқсан айында өтеді. Ал, жаңа әліппені енгізу 2021-2022 жылдарға жоспарланған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары