03.11.2020, 10:00

Әншілерге қатысты заң күшейді: Тоқаев заңға қол қойды

фото: pixabay.com
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

"Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады", - делінген Ақорда сайтында.

Осыған дейін мәдениет министрі Ақтоты Райымқұлова "Мәдениет туралы", "Мемлекет мүлкі туралы", "Ұлттық архив қоры мен архивтер туралы" заңдарға өзгертулер мен толықтырулар енгізілетінін хабарлаған еді. Енді президент мәдениет саласына қатысты заңға қол қойды.