$ 449.58  486.94  4.86

Экс-министр Елжан Біртанов қамауға алынды

Бұған дейін желіде Елжан Біртановтың ұсталғаны туралы ақпарат тарағаны хабарланған.
фото: tengrinews.kz
фото: tengrinews.kz

Қаржы мониторингі комитетінде бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың ұсталғаны туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz.

"Қаржы министрлігі қаржы мониторингі комитетінің экономикалық тергеу қызметі бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановқа қатысты аса ірі көлемде бюджет қаражатын ысырап ету фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр.

Сот Біртановқа қатысты қамауда ұстау бұлтартпау шарасын санцияланды. Тергеу мүддесіне байланысты қосымша ақпарат жарияланбайды", - делінген комитеттің хабарламасында.

Бұған дейін желіде Елжан Біртановтың ұсталғаны туралы ақпарат тарағаны хабарланған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары