$ 443.85  474.3  4.8

Ақмола облысында санитарлық бекеттер қойылады

Қазір жабдықтарды орнату бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Фото: Bestnews.kz
Фото: Bestnews.kz

7 қарашада Ақмола облысында алты санитарлық бекет қойылады. Бұл туралы өңірлік тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айнагүл Мусина айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"7 қарашада сағат 00.00-де Ақмола облысында алты санитарлық бекет орнатылады. Қазір жабдықтарды орнату бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр, атап айтқанда термометрия қойылады", - деді Мусина.

Ол санитарлық бекеттер сенбіден бастап жұмыс істейтінін, бірақ көлік қозғалысы жабылмайтынын айтты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары