$ 494.87  520.65  4.91

Елімізде жарты миллионнан астам адам баспана кезегінде тұр

Кезекте тұрғандардың бірыңғай республикалық базасы іске қосылды.
фото: otyrar.kz
фото: otyrar.kz

Бұл туралы ҚР ИИДМ Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істер комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов айтты, деп жазады nege.kz сайты.

«Бүгінгі күні 530 мыңнан астам азамат тұрғын үй кезегінде тұр. Көрсетіліп жатқан қолдаудың ашықтығын қамтамасыз ету үшін осы жылы Кезекте тұрғандардың бірыңғай республикалық базасы іске қосылды. Осы база мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграцияланған және онда тұрғын үйге мұқтаж азаматтар мен кезекте тұрғандар бойынша анық мәліметтер бар», – деді комитет төрағасы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Сонымен қатар ол Елбасының және Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша бірінші кезекте көп балалы отбасылар сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үймен қамтамасыз етілетіндігін айтты.

«Бағдарлама іске асырылған кезең ішінде 30 мың отбасына тұрғын үй беруді көздеп отырмыз. Оның ішінде биыл 4 835 отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілетін болады», – деді Мархабат Жайымбетов.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары