Бас прокуратура өкілдері өскемендік құқық қорғау органдары қызметкерлерінің билеп жүргені түсірілген видеоны зерттеп, қызметтік тергеу қорытындысын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Бұл видеоның 2019 жылдың қыркүйегінде Өскемендегі кафелердің бірінде, яғни карантин енгізілгенге дейін түсірілгені анықталды және видео қызметтік емес смартфонға түсірілген", - деді прокуратурадағылар.
Еске салайық, мұның алдында Kozachkov offside Telegram-каналында билеп жүрген прокурорлардың видеосы тараған еді.
"Өскемендік прокурорлар жақсы жұмыс істейді, жақсы демалады! Тек сұрақ: бұл карантинде болған жоқ па?"- деп сұраған еді жазба авторы.