$ 444.22  476.38  4.82

Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларынан Түркістанға авиарейстер ашылды

Сонымен, бүгіннен бастап «Fly Arystan» әуе компаниясы жоғарыда көрсетілген бағыттар бойынша билеттерді сатуды бастады.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Нұр-Сұлтан мен Алматыдан Түркістан қаласының жаңа әуежайына рейстер ашылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы inform.kz-ке сілтеме жасап. 

«ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті Түркістан қаласының әуежайына тұрақты рейстер ашу бойынша жұмыс жүргізуде. Бастапқы кезеңде Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларынан Түркістанға күн сайын рейстер орындау жоспарланып отыр. Рейстерді «Fly Arystan«, «SCAT« және «Qazaq Air« сынды қазақстандық 3 компания орындайды», - делінген Азаматтық авиация комитетінің ақпаратында.

Сонымен, бүгіннен бастап «Fly Arystan» әуе компаниясы жоғарыда көрсетілген бағыттар бойынша билеттерді сатуды бастады.

«Fly Arystan» рейстеріне билет бағасы Нұр-Сұлтан және Түркістан қалалары арасында 6999 теңгеден және Алматы мен Түркістан қалалары арасында 5999 теңгеден басталады.Нұр-Сұлтан – Түркістан – Нұр-Сұлтан бағыты бойынша алғашқы рейс 2020 жылдың 1 желтоқсанында орындалады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары