Жаңалықтар 04.11.2020 сағат 21:17

Президент Ұлттық банк төрағасына қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етуді тапсырды

Президентке Ұлттық Банктің қаражаты есебінен қаржыландырылатын кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы жайында есеп берілді.
Президент Ұлттық банк төрағасына қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етуді тапсырды
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық Банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысына биылғы 10 айдың ішінде ақша-несие саясатын іске асырудың алдын ала қорытындысы және төлем балансының жағдайы бойынша 9 айдың қорытындысы, сондай-ақ, ұлттық төлем жүйесін дамыту жұмысының барысы туралы баяндалды.

Президентке Ұлттық Банктің қаражаты есебінен қаржыландырылатын кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы жайында есеп берілді.

Мемлекет басшысы кездесу соңында қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша бірқатар тапсырма берді.

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар