$ 494.87  520.65  4.91

Венадағы терактіде ұсталғандар ішінде Ресей азаматтары да бар

Вена полициясының басшысы оның ішінде Ресей азаматтары да барын айтты.
Фото: Reuters
Фото: Reuters

Венаның полиция басшысы Герхард Пюрстл қаладағы теракт ісіне байланысты бірнеше елдің азаматы ұсталғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Газета.ru-ге сілтеме жасап.

Полицейдің айтуынша, ұсталған 18-26 жас аралығындағы 14 адамның қос азаматтығы болған. 

Вена полициясының басшысы оның ішінде Ресей азаматтары да барын айтты. 

"Кейбірінің қос азаматтығы бар. Әңгіме Бангладеш, (Солтүстік) Македония, Түркия, Ресей Федерациясы және австриялық азаматтық туралы болып тұр", - деді 

Еске салайық, 2 қарашада кешкісін Австрия астанасы Венаның бірнеше жерінде лаңкестік шабуылдар болды. Террористер алты жерден шабуылдаған. Соңғы мәліметтер бойынша, төрт адам қаза тауып, бірнеше адам жарақаттанған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Австрия #Вена