$ 444.22  476.38  4.82

Еліміздің төрт өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Кей өңірде күшті жел соғып, көктайғақ болады.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

6 қараша күні ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жарияланды. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі хабарлады.

Ақмола облысында тұман түсуі мүмкін. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с артады.

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші күндіз 15-20 м/с жетеді.

6-7 қарашада Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болжанады. 6 қарашада күндіз, 7 қарашада тәулік бойы оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с күшейеді.

Жамбыл облысында кей жерлерде солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысып, екпіні 15-20 м/с артады. Кей жерлерде тұман түсуі мүмкін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары