«Қазгидромет» РМК 7 қараша күні ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Атап айтқанда, күндіз Қызылорда облысында оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.
Ақмола облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күшейеді.
Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болжанады.
Атырау облысының кей жерлерінде тұман болады.
Солтүстік-батыс, батыстан жел соғып, күші 15-20 м/с жетуі ықтимал.
Қостанай облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. тәулік бойы оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с артады.
Жамбыл облысында кей жерлерде солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с күшейеді.