$ 494.87  520.65  4.91

Кішкентай қызды шашынын сүйреп, төсекке лақтырған дәрігердің ВИДЕОсы пайды болды (ВИДЕО)

Полиция оқиғаға қатысты тексеруді бастады.

Новосибирсктегі туберкулез ауруханасының медбикесі кішкентай баланың шашынан ұстап, төсекке лақтырды. Полиция оқиғаға қатысты тексеруді бастады. Медбикенің әрекетін науқастың бірі жасырын камераға түсіріп алған. 

"Новосибирсктегі облыстық туберкулез ауруханасының мейірбикесі қыз баланың шашынан ұстап, төсекке лақтырды", деп хабарлады палатада жатқан науқастардың бірі.

"Мен ауруханада балалармен емделіп жатырмын. Таңертеңгі жетіде көрші бөлмедегі шудан оянып, сол жаққа бардым. Қыз баланың қашып бара жатқанын көрдім, ал медбике басқа бір қыздың шашынан ұстап, төсекке лақтырып кеп жіберді. Мен камераны әдейі қосып қойғанмын. Бұл сұмдық», - деді әйел.

Оның айтуынша, оқиғадан кейін палатаға тағы бір қызметкер кіріп, камераны көріп, қоқан-лоқы көрсете бастаған. Ол видеоны көргісі келмей қызметкер "мұны өзі түсіндіретінін" айтқан.

"Баланы шашынан сүйреген медбике жұмыстан шығарылды. Қазір оны жұмыстан шығару туралы бұйрық дайындалуда", деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

Оқиғаны тергеу үшін денсаулық сақтау министрлігі сонымен бірге облыстағы балалар омбудсмені Надежда Болтенкомен бірлескен комиссия құрды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары