Денсаулық сақтау министрлігінің экс-басшысы Елжан Біртанов үйқамақта жатыр, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Елжан Біртановтың адвокаты Дмитрий Куряченко бұрынғы министр үй қамауында екенін айтты.
Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен ұсталған болатын. Сот оған қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялаған еді.
Ол 25 маусымда денсаулық сақтау министрі қызметінен босатылды. Сол күні Елжан Біртанов өзінің отставкаға кетуіне қатысты пікір білдірген. Ол уақытта шенеунік коронавирус жұқтырып, ауырып жатқан болатын.
Бұған дейін қазақстандықтар бұрынғы денсаулық сақтау министрін қолдау акциясын бастағаны белгілі болған.