Коронавирусқа қарсы жаңа қазақстандық вакцинаға атау берілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy 24.kz-ке сілтеме жасап.
Naruvax C-19 препараты Қазақ аграрлық университеті жанындағы Халықаралық вакцинология орталығында әзірленген. Қазіргі уақытта вакцина Ұлттық аса қауіпті инфекциялар ғылыми орталығы базасында клиникаға дейінгі сынақтан өтіп жатыр.
Қазақстанда коронавирусқа қарсы отандық вакциналарды екі ұйым әзірлеп жатыр. Бұл Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты және Аграрлық университет жанындағы Халықаралық вакцинология орталығы. Қазіргі уақытта ДДҰ-да қазақстанда жасалған 4 вакцина кандидат тіркелген. Олардың екеуі жануарларға клиникаға дейінгі сынақтардан өтіп жатыр.
Ғылыми тәжірибе Масғұт Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ғылыми орталығының базасында жүргізіледі. Алғашқы препарат NARUVAX C-19 деп аталды.