$ 494.87  520.65  4.91

Қызылорда облысында жер арабтарға жалға берілгені рас па?

Қоғам белсенділері жердің жалға беріліп жатқанына наразылық білдіріп, қызу талқыға салды.
Фото: stan.kz
Фото: stan.kz

Қызылорда облысына тиесілі аңшылық алқаптарды шетелдік құрылтайшылардың компаниялары жалған құжат арқылы пайдаланып келген, деп хабарлайды Stan.kz "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап. 

Әлеуметтік желіде облыстағы 4 бірдей үлкен аумақты араб азаматтары жалға алып отыр деген ақпарат тарап, көпшіліктің наразылығын тударған еді. Бірақ әкімдік аңшылыққа арналған жерлерді ешкімге жалға бермегенін, тек аң шаруашылығымен айналысып және аң аулауға ғана заң жүзінде рұқсат еткендерін айтады. Сонымен қатар алқаптарды алып отырған компаниялар Қазақстанға тіркелген дейді.

Компанияларының құрылтайшылары шетелдік бола тұра Қызылорда облысындағы аңшылық алқаптарды заңгер Бақытжан Базарбектің желідегі парақшасында жарияланды. Осыдан соң қоғам белсенділері жердің жалға беріліп жатқанына наразылық білдіріп, қызу талқыға салды. 

"2016 жылы жерді сатпаймыз, жалға бермейміз деген ұранмен жаппай митинг болды емес пе? Шошығын билік дереу мараторий жариялап, комиссия құрып, Макс Боқаев пен талғат Аянды соттады. Жер сатылмайды, жалға берілмейді деп уәде берді. Оны Тоқаев та қайталады", - деп жазды Асылхан Мамашұлы. 

Қызылорда облысы әкімдігінің айтуынша, шынымен де аталған компаниялар аймақта бірнеше жылдан бері аңшылық шаруашылығымен айналысқан. Мәселен 394 га асатын Нарсойған алқабы, 405 га Мәриямкөл, 641га Ақбөкен және Жетіасардың 378 гектары төрт компанияның аң аулайтын аумағы болған. Яғни, облыстағы аңшылық ал0аптардың 1800га-дан аса жерін пайдаланған. 

Жауаптылар жер жалға берілді деген жалған ақпарат дейді. Айтуларынша, алқаптар аңдарды өсіріп баптау және аулау мақсатында ғана конкурс тәртібімен ұзақ жылға берілген. Және жерді пайдаланып келген компаниялардың барлығы да Қазақстанның заңды тұлғалары екенін айтады. 

Ал оның құрылтайшысы шетелдік пе жоқ па оны тексеру біздің құзіретімізде емес дейді. 

"Мұндай аңшылық алқаптар тек Қазақстанның жеке және заңды тұлғаларына ғана беріледі. Бұл жерлерді пайдаланғандар тек осы елдің заңды тұлғалары ғана болып табылады. Және аңшылық шарушылығынан басқа мақсатта пайдалана алмайды", - дейді Қызылорда облысы табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының бөлім басшысы Айдос Аяғанов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#жер сату