$ 448.15  483.46  4.86

Головкин Шереметамен желтоқсан айында жекпе-жек өткізетін болды

Бұған дейін бұл ақпаратты америкалық тілші хабарлады.
Фото: sport.kz
Фото: sport.kz

Полшалық боксшы Камил Шеремета (21-0, 5 КО) желтоқсан айында орта салмақтағы IBF және IBO белбеулерінің иегері қазақстандық Геннадий Головкинмен (40-1-1, 35 КО) кездесу өткізетінін растады, деп хабарлайды Vesti.kz порталы. 

Еске салайық, бұған дейін америкалық тілші Майк Коппинджер бұл кездесудің 18 немесе 19 желтоқсан күні өтетінін хабарлаған болатын. Осыдан кейін Шеремета өзінің Instagram парақшасында осы жаңалық айтылған постты репост жасады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары