Полшалық боксшы Камил Шеремета (21-0, 5 КО) желтоқсан айында орта салмақтағы IBF және IBO белбеулерінің иегері қазақстандық Геннадий Головкинмен (40-1-1, 35 КО) кездесу өткізетінін растады, деп хабарлайды Vesti.kz порталы.
Еске салайық, бұған дейін америкалық тілші Майк Коппинджер бұл кездесудің 18 немесе 19 желтоқсан күні өтетінін хабарлаған болатын. Осыдан кейін Шеремета өзінің Instagram парақшасында осы жаңалық айтылған постты репост жасады.