$ 494.87  520.65  4.91

Қазақстандықтардың үштен екісі қазақ тілін біледі - Назарбаев

Елбасы елімізде 90 пайыз орталық қазақ тілін тегін үйрететінін атап өтті.
Фото: informburo
Фото: informburo

Қазақстандықтардың үштен екісі қазақ тілін біледі. Бұл туралы Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Халқы Ассамблеясының кеңесінде айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Татулық, келісім және бірлік мемлекеттік саясаттың негізгі басымдығы болған және болады да. Сондықтан осы құндылықтардың арқасында біз дамимыз, елді байытып, өмір сүруге деген жақсы жағдай қалыптастырамыз. Бұл ұлтаралық қозғалыс саласының негізгі ұстанымы және ол өзгермейді. Ассамблея барлық этносты біздің жалпы қазақстандық құндылықтарымыздың айналасына біріктіру үшін жұмыс істеуі керек.

Екіншіден, қазақ тілі біріктірудегі, халқымыздың бірлігін нығайта түсетін негізгі потенциал болып саналады. Ол ұлтаралық деңгейдегі тіл болуы үшін оны үйренетіндер санын кезеңмен кеңейтіп, өсіріп отыру керек", - деді Назарбаев. 

Елбасы елімізде 90 пайыз орталық қазақ тілін тегін үйрететінін атап өтті. 

"Олардың тиімділігі сұрақ тудыртады, сондықтан Мәдениет және спорт, біім және ғылым министрлігі мемлекеттік тілді үйрену жүйесінің тиімділігін арттыруы керек. Біз әр бала мектептен кейін мемлекеттік тілде оқып, жазып және сөйлей алатындай жағдай жасауымыз керек. Бұл оларға мемлекеттік қызметтің, экономиканың барлық саласында жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Адам көп тіл білген сайын мәдениеті артады. 

Мен оны көп адам түсінеді деп ойлаймын. Түрлі этностағы ата-аналар балаларын қазақ тілді бала бақшаларға беріп жатыр. Бұған қошемет көрсету керек", - деді Назарбаев.  

Елбасы Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары барлық этнос мемлекеттік тілдің ролінің нығаюын қолдағанын айтады. 

"1991 жылы мемлекеттік тілді халықтың 37 пайызы ғана білетін. Бүгінде жағдай мүлде басқаша. Мемлекеттік тілді халықтың үштен екі бөлігі біледі. 20 жыл бұрын жоғары оқу орындарында қазақ тіліндегі сабақтардың үлесі 27 пайыз болса, бүгінде ол 83 пайыз. (...) Бұрын қазақ тілінде сөйлейтін қазақ еместі табу проблема болса, қазір ол сирек емес. Мемлекеттік тіл жалпы танылды. (...) Тіл бәрін біріктіреді", - деді Елбасы. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары