$ 494.87  520.65  4.91

Гренландияда мұз астынан ежелгі көл табылды

Көл NASA аэротүсірілімінің арқасында табылды.

Гренландияда мұз астынан алып көне көлдің қалдықтары табылды. Ғалымдар су қоймасына жүз мыңдаған немесе миллиондаған жыл болуы мүмкін деп болжап отыр. Бұл туралы "Хабар 24" Science alert дерегіне сілтеме жасап хабарлайды.

Өткен жылы зерттеушілер Гренландиядағы мұз қабаттары астынан 50-ден астам көл тапты. Алайда бұл жолы табылған көл ерекше. Себебі оның ұзақ уақыттан бері кеуіп қалған бассейні қазір шөгінді материалмен – қалыңдығы 1,2 км-ге дейін бос жыныспен және 1,8 км мұз жамылғысымен толтырылған. Су қоймасы 18 өзенмен байланысып жатыр, шамамен 580 текше метр су жиналады. 

Қазір ғалымдар бассейннің төменгі жағындағы топырақтарды зерттеуде, өйткені зерттеушілер оны «ландшафт туралы ақпараттың маңызды қоймасы» деп санайды. Сондай-ақ сарапшылар Гренландияның қашан қатып қалғанын анықтай алады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#көл #ғалымдар