$ 444.32  473.33  4.76

«Сектаға сатып жіберді»: 10 жыл құлдықта болған келіншек жан сырымен бөлісті (ВИДЕО)

Он жыл бойы құлдықтың қамытын киіп жүрген келіншек Ауғаныстан шекарасына жақын маңда болған екен. Қашуға талай талпынғанымен ұстап алып соққыға жағыпты.

Он жыл құлдықта болған келіншекті жезөкшелікке сатпақ болған. Бұл туралы тағдыр тәлкегіне түскен жанның өзі айтып берді. 2000 жылдары жұмысынан қысқарып қалған Алматы облысының тұрғыны Өзбекстанда айлығы 400 доллар жұмыс бар дегенді естіп, сонда оншақты адаммен бірге аттаныпты. Алайда алаяқтардың құрбаны болғанын көршілес мемлекетке барғанда бірақ сезген, деп хабарлайды Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Қызғалдақ Байсақанова Алматыда дүниеге келіп, Қаскелең қаласында өскен. 2000 жылдары жұмыс орнынан қысқарып қолғанда Өзбекстанда айлығы жоғары жұмыс бар деген ұсыныс келеді. Қолдарына 200 доллардан ұстатқанда сенбеске амалдары қалмапты. Шекарадан өткен бойда құжаттарын жинап алып, бірікке Араб Әмірлігіне жезөкшелікке сатпақ болыпты. Қызғалдақтың айтуынша дегендеріне көндіре алмаған соң органның адамдары 23 жасында белгісіз сектаға құлдыққа беріп жіберіпті.

Қызғалдақ Байсақанова, Қаскелең қаласының тұрғыны:

Олар менің көзімше паспортымды жыртып, аузына келгендерін айтты. Бірікке Араб Әмірлігіне жезөкшелікке сатпақ болды. Бұл ойлары жүзеге аспаған соң белгісіз сектаға сатып жіберді. Қара киінген сақалды адамдар. Жазда мақта жинап, қысты жылыжайда жұмыс істедім. Аш болған жоқпыз, бірақ бостандығымыз болмады.

Он жыл бойы құлдықтың қамытын киіп жүрген келіншек Ауғаныстан шекарасына жақын маңда болған екен. Қашуға талай талпынғанымен ұстап алып соққыға жағыпты. Салдарынан сынбаған жері қалмаған. 2008 жылы мақта алқабында қыз босанып, баласы екі жасқа толғанда қашып шығуға мүмкіндік туған. 7 айдан кейін елшілік қызметкерлерінің көмегімен шекарадан бері өтіпті. Ал туған үйіне оралғанда тағы быр тосын сый күтіп тұрған. Туыстары көз жұмып, әкесінің үйі сатылып кетіпті. Бұл туралы көршілерінен естіп, бірлген.

Қызғалдақ Байсақанова, Қаскелең қаласының тұрғыны:

2006 жылы сіңілім тұрмысқа шыққанымен жолы болмай күйеуінен туберкулездің ашық түрін жұқтырып, ауруханада өзіне қол салған. Әкем оны көтере алмай миына қан құйылып көз жұмған. Екеуі де бір жылда қайтыс болған.

Келіншек 10 жылдан бері Қарасай аудандық әкімдігінің табалдырығын тоздырумен келеді. Қызғалдаққа құжаттарын қалпына келтіруге көмектесіп, пәтер кезегіне қойған. Аудандық әкімдігінің өкілдері келіншектің жағдайынан хабардар екенін жеткізді. Баспана кезегінде 115 болып тұр екен. Үй алу үшін жұмысқа тұруға кеңес беріпті.

Ербол Нағашыбаев, Қарасай аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы:

Көмірмен де ақшамен де, азық-түлікпен де көмектесіп отырмыз. Бүгінгі күні бақытты отбасы бағдарламасына ол кісіні қатыстыру үшін, біз ол кісіге жұмыс жағын реттеп, зейнетақыларын түгендесін деп ол кісіге айттық.
Дәрігерлер Қызғалдақтың сүйегінің 60 жерден сынғанын анықтаған. Сондықтан жұмысқа жарамсыз екенін айтады. Қайырымдылық қоры ай сайынғы пәтер ақысы мен азық-түлік, киім-кешекпен қамтуді өз мойындарына алыпты.

Оксана Маралова, қайырымдылық қорының жетекшісі:

Мен мемлекеттен оның үйін қайтарып бергенін не болмаса қайырымды жандар шағын үй немесе жер телімін сатып алып бергенін қалаймын. Себебі оның тағдыры өте ауыр. 10 құлдықта болу деген өте қиын. Қызы жақсы,тап тұйнақтай, таза жүреді.

Тағдыр тәлкегіне түскен келіншектің бар арманы шағын болса да өз үйінің болғаны. Алайда әзірге арманын жүзеге асыру мүмкін болмай тұр. Себебі ресми жұмысқа тұруға денсаулығы келмейді. 10 жыл өмірін адам төзгісіз жағдайда өткізген ол шетелде қомақты жалақыға жұмыс бар дегенге сенбеуге шақырады.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары