14 қарашада Қазақстанның 7 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Қазгидрометке сілтеме жасап
Жамбыл облысында кей жерде тұман, көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күші кей жерде 15-20 м/с, 15 қарашада екпіні 23-28 м/с жетеді.
Қарағанды облысының кей жерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Күндіз 14-15 қарашада оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерінде күші 15-20 м/с жетеді.
Батыс Қазақстан облысының кей жерінде тұман, көктайғақ болады.
Қостанай облысының кей жерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.
14 қараша күні Түркістан облысында тұман түседі.
Ақмола облысында кей жерде жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерде 15-20 жетеді.
Қызылорда облысының кей жерінде көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.