$ 494.87  520.65  4.91

Түркиядағы зілзала құрбандарының саны 116 адамға жетті

Жараланған 1034 адамның 1021-і ауруханадан шығарылды, 8 адам ем алып жатыр.
фото: 24.kz
фото: 24.kz

Түркияның батысында болған 6,6 балдық жер сілкінісі құрбандарының саны 116 адамға жетті. Бұл туралы Түркия үкіметі жанындағы Төтенше жағдайлардың алдын алу және салдарын жою басқармасы (AFAD) мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

AFAD мәліметі бойынша, 30 қазандағы жер сілкінісінен кейін жалпы саны 3630 афтершок тіркелген. Оның 48-інің магнитудасы 4 балдан асты. Мекеме мәліметінше, жараланған 1034 адамның 1021-і ауруханадан шығарылды, 8 адам ем алып жатыр.

Бұрынғы мемлекеттік қызметкер, зейнетте болған Нурджан Хичйылмаз Тосун Эгей университетінің медицина факультетінің ауруханасында емделіп жатқан болатын. Кеше жағдайы күрт нашарлап, өмірден өтті. Оның мәйітін жұбайы Мурат Тосунон Анкараға жеткізіп, ақтық сапарға шығарып салды.

Түнде 00.22-де Түркияның Тунджели қаласының Пюлюмюр ауданында магнитудасы 4,1 балдық тағы бір жер сілкінісі тіркелді. Жерасты дүмпуі 10,06 шақырым тереңдікте болғаны анықталды. Зардап шеккендер туралы хабарланған жоқ. Бұған дейін Измирдегі зілзала құрбандарының саны 114-ке жетіп, 17 ғимараттың 15-інде іздеу-құтқару жұмыстары аяқталғанын хабарлаған болатынбыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары