Жаңалықтар 16.11.2020 сағат 10:20

Ғалымдар адам ағзасындағы COVID-19-ды өлтіруге қабілетті өсімдікті атады

Тәжірибе барысында зерттеушілер табиғи өнімдерді бөлме температурасындағы вируспен араластырып, коронавирустың жағдайын бақылаған.
Ғалымдар адам ағзасындағы COVID-19-ды өлтіруге қабілетті өсімдікті атады
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Кейбір өсімдік өнімі адам организміндегі коронавирусты өлтіруге қабілетті. Бұл туралы Ульма университетінің Медицина орталығының молекулярлық вирусология институтының ғалымдарының зерттеуінде айтылған. Мамандардың зерттеу нәтижесі bioRxiv журналында жарияланды, деп хабарлайды "Мир-24" телеарнасы. 

Тәжірибе барысында зерттеушілер табиғи өнімдерді бөлме температурасындағы вируспен араластырып, коронавирустың жағдайын бақылаған. 

Коронавирусты және тұмау вирусының белсенділігін қара жемісті шетеннің шырыны азайтатыны, ол адам организміндегі коронавирустың 97 пайызын жоятыны анықталған. 

Анар шырынының да вирусқа қарсы әсері күшті болып шыққан. Анар шырынымен тамақты шаю арқылы COVID-19 патогенінің 80 пайызын өлтіруге болады. 

Сондай-ақ, неміс ғалымдары көк шай мен аюбадамның да вирусқа қарсы әсері барын айтады. Мамандардың сөзінше, мұндай әсер вирусқа әсер ететін қышқыл орта мен өсімдік полифенолдарына байланысты.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар