$ 494.87  520.65  4.91

«Нұр Отан» партиясының Нұр-Сұлтан қалалық басшысы праймеризде дауыс ұрлаумен айналысқан

Мақала авторларының пайымдауынша, Ерлан Қаналимов партияластарын өз дауыстарын өздеріне тиімді кандидаттарға беруге күштеген, сонымен қатар праймериздің алғашқы кезеңінің объективті тұрғыда жеңімпаздарын Парламенті Мәжілісіне іріктеу науқанынан алып тастауға шақырған.
Фото: Yandex
Фото: Yandex

Бірнеше күн болды, әлеуметтік желілердің қазақстандық сегментіндегі қолданушылар мен ақпараттық порталдардың оқырмандары "Nur Otan" партиясының өткен праймериз науқаны барысында туындаған дау-дамайдың шешілуін талап етуде, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы Paryz.kz-ке сілтеме жасап.

Мәселе сайлаушылардың даусын кезекті мәрте заңсыз пайдалану фактісі туралы болып отыр.

Бұл жолғы дау бұған дейінгілерден бөлек деуге болады. Себебі бірқатар белгілі блогерлер мен публицистер "Nur Otan" партиясының Нұр-Сұлтан қалалық филиалы төрағасының орынбасарын бұрмалаушылық жасады деп айыптауда.

Даудың басы партияның елордалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ерлан Қаналимовты Алматы мен Байқоңыр аудандарындағы "Nur Otan" мүшелерінің, сонымен қатар партияның басқа да мыңдаған мүшелерінің нөмірін сапырылыстыруға қатысы бар деп айыптаудан басталды. Кандитаттардың өздері бұдан бейхабар болған.

centrasia.org және dalanews.kz редакциялары қатысушы партиялар мүшелерінің арасында жүргізілген сауалнамадан кейін астаналық филиал төрағасының бірінші орынбасары өздеріне "керек" адамдарға дауыс беруге мәжбүрлеуге қатысқаны туралы ақпарат жариялады. Мақала авторларының пайымдауынша, Ерлан Қаналимов партияластарын өз дауыстарын өздеріне тиімді кандидаттарға беруге күштеген, сонымен қатар праймериздің алғашқы кезеңінің объективті тұрғыда жеңімпаздарын Парламенті Мәжілісіне іріктеу науқанынан алып тастауға шақырған.

"Мәжіліске іріктеуге қатысты өтініш жазудан бас тартқандарға қарсы Е.Қаналимов өзінің қызметтік өкілеттігін пайдаланып, олардың кандидаттығын алып тастауға немесе тізімдегі басқа кандидатпен ауыстыруға себеп табады. Басқаша айтқанда, азамат Қаналимов праймериз нәтижелерін бұрмалау арқылы тізімдегі өзіне тиімді кандидаттарды қолдап, сол арқылы өзінің "командасын" құруға тырысқан" деп жазды centrasia.org.

Портал өзінің дереккөздеріне сүйене отырып, жоғарыда аталған Ерлан Қаналимовтың өзі де елорданың атынан партиялық тізілімге енуді, сосын Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының хатшысы қызметін алуды жоспарлап отырғанын айтады.

Іс жүзінде осы көрсетілген фактілерді растай отырып, блогер Гүлбану Әбенова өзінің Facebook-тегі парақшасында партияның елордалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары басқа бір Ханзада Балтаеваның кандидаттығын заңсыз насихаттағаны туралы жазды. Өзінің жазбасында Гүлбану Әбенова түрлі сорақы фактілер хронологиясын келтірді.

Танымал блогер Қаналимов Instagram-дағы ресми парақшасында үгіт-насихат постарын жариялап, онда өзінің жазылушылары мен делегаттарды Балтаеваға дауыс беруге ашық әрі табанды түрде шақырғанын айтты. Бір айта кетерлігі, бұл кандидаттың атқарылған өндірістерде берешектері, тұтқындалған банкілік есепшоттары бар, сонымен қатар нотариалдық қызмет атқаруына тыйым салынған екен. Одан әрі белгілі болғандай, оның ұлы ертеден құмар ойынға салынған, соның кесірінен бір отбасы баспанасыз қалып, қарызға батқан, алаяқтық фактілеріне қатысы бар көрінеді.

Блогер аудиториясының назарын аударған тағы бір факт, Балтаеваның қызы праймериз қорытындысын шығару кезінде "Nur Otan" партиясының қызметкері бола жүріп, дауыстарды санауға тікелей қатысқан. Блогердің жазылушылары бұл оқиғаға қатысты партияның шенеуніктері қандай әрекет жасайтынын күтеді және партияның тез арада бұндай оқиғалардан тазартылуы тиіс екендігіне сенімді.

"Қалайша дауыс санау кезіндегі бұрмалаушылықтар сана мен ар-ұяттан басым түседі?! Нұр Отанның астаналық филиалы осындайға жол бергені өте өкінішті" деп жазды Kussainova Lazzat есімді желі қолданушы партия төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары, Парламент Сенатының қазіргі спикері Мәулен Әшімбаевтың атына жазылған пост-мәлімдемеде. Ол бұндай теріс фактілердің мән-жайын анықтау туралы өтініш білдірген.

Барлық моральдық прициптерді аяққа таптаған және партияның абыройы мен елбасының идеяларына кір келтірген партияның өкілі партияның штабына қалай басшылық жасап, елорданың мәслихатының хатшылығына үміткер бола алады? Преймериз жеңімпазы болған кандидаттарды шетке ысырған ол мәслихатқа қандай командасын әкеледі?! Оның жарқын мысалы – Ханзада Балтаеваның 6-орын алса да Парламент Мәжілісіне кандидат ретінде өткені.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары