$ 447.4  477.55  4.76

Елордалықтарға IQala порталында тағы 5 қызмет түрі қолжетімді

Бүгінгі таңда Орталық жеке және заңды тұлғаларға 137 қызмет түрін ұсынады, қолданушыларға ыңғайлы болуы үшін қолжетімді қызметтер тізімі www.iqala.kz порталының басты бетінде орналастырылған.

2020 жылғы 16-қарашадан бастап iQala порталы тағы 5 қызметпен толықтырылды, деп хабарлайды Нұр-сұлтан әкімдігінің ресми сайты

Бүгін елорда тұрғындары iQala орталығының кеңсесі мен порталында келесі ұйымдардың қызметтерін ала алады:

«Астанаэнергосбыт» ЖШС:

1) заңды тұлғаларға (оның ішінде ЖК құрмаған жеке тұлғаларға) арналған тұрмыстық емес тұтыну үшін жылу энергиясымен жабдықтау бойынша қызметтер көрсетуге арналған шарттың қолданылу мерзімін ұзарту туралы қосымша келісім жасасу;

2) электр энергиясын тұрмыстық емес мұқтаждар үшін пайдаланатын тұтынушыларға (оның ішінде ЖК құрмаған жеке тұлғаларға) арналған электрмен жабдықтау шартының қолданылу мерзімін ұзарту туралы қосымша келісім жасасу;

«Астана-АЭК» АҚ:

1) тұтынушының өтінімі бойынша есепке алу жүйесін тексеруге, көрсеткіштерді алуға және есепке алу жүйесін пломбалауға өтінімдер қабылдау;

«Астана Су Арнасы» МКК:

1) жеке тұлғалар үшін қызмет көрсету шекарасына, сумен жабдықтау және кәріз желілерінің жай-күйіне жауапкершілікті белгілеуге акті беру;

2) заңды тұлғалар үшін қызмет көрсету шекарасына, сумен жабдықтау және кәріз желілерінің жай-күйіне жауапкершілікті белгілеуге акті беру.

Бүгінгі таңда Орталық жеке және заңды тұлғаларға 137 қызмет түрін ұсынады, қолданушыларға ыңғайлы болуы үшін қолжетімді қызметтер тізімі www.iqala.kz порталының басты бетінде орналастырылған.

Еске сала кетейік, iQala орталығы «Астана - адалдық алаңы» жобасы аясында Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінің бастамасымен құрылды.

Орталықтың фронт-кеңсесі Қошқарбаев даңғылы, 29 мекенжайында орналасқан. Қала тұрғындары iQala-ның жұмысына қатысты туындаған барлық сұрақтар бойынша 109 бірыңғай байланыс орталығының (i-Komek) телефонына хабарласа алады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары