$ 444.22  476.38  4.82

Моңғолдар Шәмші Қалдаяқовтың құрметіне онлайн-байқау жариялады

Байқауға Моңғолиядағы «АРУЛАР» одағы, «Туран Ворлд» серіктігінің директоры Ерболат Əшікұлы, "UB ЗООГ" халал шайхананың иесі Тілеубек Жетпісбайұлы, Баян-Өлгей қаласындағы Smail fast food кафесінің директоры Ай-Ерке Пернебекқызы қатарлы азаматтар мен жекелеген ұйымдар демеушілік көрсетіп отыр.

Аса көрнекті сазгер, ән жанрының әйгілі майталманы, осы заманғы қазақ эстрадасының негізін салушылардың бірі, Қазақстанның халық әртісі - Шәмші Қалдаяқовтың туғанына 90 жыл толуына орай Баян-Өлгий аймағында Шәмші әндерінен онлайн-байқау жарияланды.

"Қазақ халқының ұлттық мақтанышына айналған ұлы композиторды ұлықтау әрі қазағымыздың өнерлі жастарының өнерін дәріптеу мақсатында «Шәмші Қалдаяқов əндерін шырқайық» атты өнер жарысын ұйымдастырмақшымыз", – дейді өнер сайысын жариялап отырған «ALASH MONGOLIA» бейресми ұйымы.

Байқауға қатысу үшін әуелі +97699159413 whatsapp номеріне толықтай аты жөні, байланыс нөмері жәнеде facebook адресін жолдайды. Одан кейін өзі орындаған бір әннің видео нұсқасын еш өңдеусіз жоғарыдағы WhatsApp номеріне жолдау керек.

Қатысушылардың видеосы «Alash Mongolia» facebook-парақшасына жүктеледі. Ол жерде дауыс (лайк) жинаған видеолар мен төрешілердің бағалауы негізіндежеңімпаз анықталады.

Байқау жеңімпаздары 2020 жылы 26 қараша күні Ұланбатыр уақытымен 22:59 сағатта (Нұр-Сұлтан уақытымен 20:59) видео қабылдау тоқтатылады.

Жеңімпаздар 29 қараша күні анықталады.

Жеңімпаздарға ақшалай сыйлықтар табысталады.

1-орын – 500 000 төгрөг (75 мың теңге)

2-орын – 300 000 төгрөг (45 мың теңге)

3-орын – 200 000 төгрөг (30 мың теңге)

Байқауға Моңғолиядағы «АРУЛАР» одағы, «Туран Ворлд» серіктігінің директоры Ерболат Əшікұлы, "UB ЗООГ" халал шайхананың иесі Тілеубек Жетпісбайұлы, Баян-Өлгей қаласындағы Smail fast food кафесінің директоры Ай-Ерке Пернебекқызы қатарлы азаматтар мен жекелеген ұйымдар демеушілік көрсетіп отыр.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары