Жаңалықтар 17.11.2020 сағат 05:47

Павлодардағы Мемлекеттік сараптама ғимаратына бомба қойылғаны хабарланды

Оқиға орнына жіберілген жедел-тергеу тобы ғимаратты қоршауға алды, оның ішінен жеті адам эвакуацияланды.
Павлодардағы Мемлекеттік сараптама ғимаратына бомба қойылғаны хабарланды
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Павлодарда белгісіз біреу Мемлекеттік сараптама ғимаратына бомба қойылғанын хабарлады.

Таңертеңгі сағат 10-да полицияға "Сәтбаев көшесі, 25/1 мекенжайындағы ғимаратты (Мемлекеттік сараптама филиалы орналасқан) кез келген минутта жарып жіберуі мүмкін" деген ақпарат келіп түсті", - деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Оқиға орнына жіберілген жедел-тергеу тобы ғимаратты қоршауға алды, оның ішінен жеті адам эвакуацияланды. Мамандар ғимарат пен оның маңындағы аумақты тексеріп шықты, күдікті немесе жарылғыш заттар табылған жоқ. Бомба туралы жалған ақпарат беріп, полицияны шақырған адам анықталды.

Ол Павлодар облыстық психоневрологиялық диспансерінде есепте тұратын 41 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар